Accessibility links

Тоқаев: Жаңа әліппеде комиссия қоғам ұсынысын ескеруі қажет


"Наурыз саябағының" латын әрпімен жазылған атауы. Шымкент

Бүгін Қазақстан сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне өту жөнінде құрылған ұлттық комиссия қоғам талқылауындағы елеулі ұсыныстарды ескеру керектігі жайлы айтты.

Бұл туралы сенат төрағасы өзінің Twitter желісіндегі бетінде білдірген. "Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет" деп жазған ол.

Осы пікірінің алдында Қасым-Жомарт Тоқаев аталған желідегі бетіне "Елбасы айтқанындай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн" деп жазған болатын.

Апострофты латын әліпбиі президент жарлығымен бекітілгеннен беріде мемлекеттегі "екінші тұлға" латын әліпбиі туралы алғаш рет өз позициясын білдіріп отыр.

Қазақстанда латын әліпбиінің екі нұсқасы ұсынылып, соңынан апострофты нұсқа бекітіліп, оны сынаған қоғам әлеуметтік желіде және баспасөзде айтарлықтай талқы тудырған болатын.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл жыл басында жасаған мәлімдемесінде "2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеу, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің" нақты кестесін жасауды тапсырған еді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG