Accessibility links

Абаев: Журналистер сауалына жауап беру мерзімі 7 күнге азайтылады


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілісте заңдарға БАҚ туралы өзгерістер енгізу заң жобасын таныстырып тұр. Астана, 8 қараша 2017 жыл (видеодан алынған скриншот).
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілісте заңдарға БАҚ туралы өзгерістер енгізу заң жобасын таныстырып тұр. Астана, 8 қараша 2017 жыл (видеодан алынған скриншот).

Парламент мәжілісінің депутаттары сәрсенбіде Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылап, екінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Құжатты таныстырған ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев жобада мемлекеттік органдардың журналистер сауалына жауап беру мерзімі бұған дейін ұсынылған 15 күннен 7 күнге азайтылғанын айтты. Алғашқы оқылымда депутаттар 15 күннен кейін алынған ақпараттың маңыздылығы жойылып, ескіріп кететінін айтып, қарсылық білдірген болатын. Абаев депутаттардың бұл ұсынысын жұмысшы тобында талқылауға дайын екенін айтқан еді.

Абаевтың сөзінше, жобада мемлекеттік органдардың "қоғам өміріне аса маңызды оқиға немесе төтенше жағдайлар" кезінде үш сағат ішінде ресми ақпарат таратуын міндеттейтін талап қойылған.

Министр бұл жолғы жобада телеарналарда діни тақырыптағы және балаларға арналған бағдарламалар арасында жарнама беруге тыйым салу жайы да қарастырылғанын айтты. Бұған қоса, журналистерге азаматтардың жеке басына қатысты, атап айтқанда қаржылық жағдайы, есепшоты, бала асырап алуы сияқты ақпараттарды олардың рұқсатымен жарялауын міндеттеу қарастырылған.

Министр Абаев БАҚ туралы заң жобасын парламентте алғаш таныстырған кезде жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар мен БАҚ арасындағы дауды тараптар сотқа жеткізбей реттеуіне де, медиатор арқылы шешуіне де болатынын және БАҚ саласындағы кез-келген қоғамдық ұйымның медиатор қызметін атқара алатынын айтқан болатын.

ВИДЕО: БАҚ туралы жаңа заңның жобасы (8.11.2017)

БАҚ туралы жаңа заңның жобасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:40 0:00

XS
SM
MD
LG