Accessibility links

АҚШ вице-президенті Ауғанстанға барды


АҚШ вице-президенті Майк Пенс америкалық әскерилер алдында сөйлеп тұр. Баграм әуежайы, Ауғанстан, 21 желтоқсан 2017 жыл.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс америкалық әскерилер алдында сөйлеп тұр. Баграм әуежайы, Ауғанстан, 21 желтоқсан 2017 жыл.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс бейсенбі күні күтпеген жерден Ауғанстанға сапармен барды. Ол Баграм әуежайына дейін әскери ұшақпен, онан соң Кабулға тікұшақпен жеткен.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани және премьер-министрі Абдулла Абдулламен кездесуде Пенс Вашингтонның Ауғанстанға қолдау танытуға бейіл екені туралы мәлімдеген.

Вице-президент Пенс өзінің Ауғанстанға келуі – АҚШ-тың «істі аяғына дейін жеткізуге» ниетті екеніне дәлел болады деп үміттенетіні туралы мәлімдеген. Осыдан төрт ай бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстанда содырларға қарсы соғыс толық жеңіске жеткенге дейін жалғасуы тиіс дегенмен келісетіні туралы мәлімдеген болатын.

Майк Пенспен кездесуде Ашраф Ғани АҚШ үкіметіне ризашылық білдіріп, содырларға қарсы соғыста адамдарынан айырылған Ауғанстан мен АҚШ-тың әріптестігі бекем болады деп сенетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG