Accessibility links

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясына жаңа басшы тағайындалды


Ербол Шорманов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының төрағасы.
Ербол Шорманов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының төрағасы.

Ербол Шорманов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Министрдің айтуынша, компания "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптар технопаркі құру үшін жұмысын жалғастыра береді.

Шорманов 2015 жылдың тамызынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің орынбасары болған. Кейін басқарма төрағасының міндетін атқарды. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясын бұған дейін басқарған Есімов "Самұрық-қазына" әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы болып тағайындалған.

49 жастағы Шорманов ұлттық компанияға келгенге дейін Алматы қаласы әкімі орынбасары болған. Бұл кезде қаланы Ахметжан Есімов басқарған.

XS
SM
MD
LG