Accessibility links

WBC: Головкин - жыл үздігі


Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек. Лас-Вегас, АҚШ, 16 қыркүйек 2017 жыл.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек. Лас-Вегас, АҚШ, 16 қыркүйек 2017 жыл.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп таныды. Бұл атаққа Головкиннен бөлек таиландтық Висаксил Вангек, америкалықтар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло және Деонтей Уайлдер үміткер болған.

Ал 2017 жылы қыркүйекте өткен Головкин мен Альварес кездесуі "өткен жылдың ең үздік жекпе-жегі" номинициясын алды. Жеңімпаздар WBC сайтында дауыс беру арқылы анықталды.

Оқи отырыңыз: Головкиннің тең аяқталған жекпе-жегі

35 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 38-кездесу өткізіп, бір рет тең түскен. 37 кездесуде жеңіске жеткен. Головкин - WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

XS
SM
MD
LG