Accessibility links

Бабанов кеңесшісі: Саясаткер депутаттық мандатынан бас тартты


Өмірбек Бабанов, қырғызстандық саясаткер.
Өмірбек Бабанов, қырғызстандық саясаткер.

Жогорку Кеңеш депутаты Өмірбек Бабанов Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) мандатынан бас тартатынын айтып, арыз жазған. Бұл жөнінде оның кеңесшісі Мирсулжан Намазалиев хабарлады. Оның сөзінше, Бабанов арызды ОСК-ға 15 қаңтарда жіберген.

Қырғызстанда өткен президент сайлауында Сооронбай Жээнбековтің басты қарсыласы болған «Республика» партиясының лидері Өмірбек Бабанов сайлаудан кейін бірден Мәскеуге ұшып кеткен. Ол кезде әріптестері оның Ресейге емделуге кеткенін айтқан.

Кейін Қырғызстан бас прокуратурасы Бабановқа қарсы «Конституциялық құрылымды күшпен құлатуға жария түрде шақырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

2017 жылдың соңында Бабанов саясаттан біржола кететінін жариялады.

Ал Орталық сайлау комиссиясы парламент депутаты Өмірбек Бабановтан әзірге ешқандай арыз келіп түспегенін айтады.

XS
SM
MD
LG