Accessibility links

Әбдірахмановтың арызы бойынша іс тоқтатылды


Сот залында отырған жаза өтеуші Берік Әбдірахманов. Ақтөбе, 30 қараша 2017 жыл.
Сот залында отырған жаза өтеуші Берік Әбдірахманов. Ақтөбе, 30 қараша 2017 жыл.

Ақтөбе түрмесінде жаза өтеп жатқан Берік Әбдірахмановтың азаптауға байланысты арызы бойынша көтерілген қылмыстық іс қаңтардың 5-і "азаптау фактілеріне негіз табылмаған, қылмыстық заңбұзушылық болмаған" соң тоқтатылғаны белгілі болды. Бұл жайлы Ақтөбенің арнайы прокурорынан хат алған Әбдрахмановтың зайыбы Гүлім Әбдірахманова Азаттыққа хабарлады.

Былтыр қарашаның 7-сі Әбдірахмановтың Ақтөбедегі КА-168/1 мекемесі (тергеу абақтысы) қызметкерлерінің өзін азаптағаны туралы "ақтық хаты" тіркелген Гүлім Әбдірахманованың бас прокуратураға шағымы негізінде қылмыстық іс көтерілген еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Түрмедегі Берік Әбдірахмановтың тағдыры

2009 жылы "терроризмді насихаттау" айыбымен алты жылға сотталып, түрмеде отырған Берік Әбдірахманов басқа да айыптармен бірнеше рет сотталып, түрме жазасы ұзартылып келеді. Былтыр "түрме қызметкерлерінің заңды бұйрығына бағынбағаны үшін" сот Әбдірахмановқа тағы екі жыл бас бостандығынан айыру үкімін кескен. Қазір "терроризмді насихаттау" айыбымен Әбдірахмановқа байланысты тағы бір сот процесі жүріп жатыр. Әбдірахманов соттағы соңғы сөзін қаңтардың 23-і айтады. Бұл жолғы іс бойынша прокурор 4 жыл түрме жазасын сұрап отыр.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG