Accessibility links

Астана: Сот Қазақстанның Швециядағы активін бұғаттан шығармады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Стокгольм Округтік соты Қазақстан Ұлттық қорының Швецияға салынған активін бұғаттау туралы бұған дейін қабылданған бұйрықты күшінде қалдырды" деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан әділет министрлігі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, Нидерланд соты мұндай шешімді 24 қаңтар күні шығарған.

Молдовалық кәсіпкер Анатол (Анатолий) Стати мен оған тиесілі бірнеше компания бұған дейін Қазақстан үкіметін өздерін шығынға ұшыратты деген арыз бойынша сотқа берген. Бұл дау бойынша Швеция соты осы елдегі Қазақстан Ұлттық қорының 33 мемлекеттік компанияға акция түрінде салған шамамен 100 миллион доллар автивін бұғаттаған. Олардың ішінде Volvo, Skanska, Electrolux, Nordea кәсіпорындары да бар. Бұл акцияның бәрі швециялық SEB-банкінде сақталған.

Стати бұл дауға қатысты тағы бір сотта жеңіп шығып, сот Астананы 500 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеген. Бұдан соң арызданушы шығынын өтеу туралы арыз түсіріп, Қазақстанның мұнай табысынан құралған Ұлттық қорының 40 пайызын бұғаттауға қол жеткізген. Ол бойынша, АҚШ-тың New York Mellon (BK.N) банкі желтоқсанның ортасында Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активін бұғаттағанын хабарлаған.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, Нидерланд соты Қазақстан Ұлттық банкінің «құқықтық жағдайы мен оның Ұлттық қор қаражатын басқаруға өкілетті екеніне назар аудармаған».

«Қазақстан әділет министрлігі мен Ұлттық банк бұғауланған қаражаттың халықаралық келісімдерге сай қол сұғылмайтынын дәлелдеп, аталған сот шешіміне Швецияның Апелляциялық сотына шағымданады» делінген министрлік мәлімдемесінде.

Оқи отырыңыз: Бұғатталған 22 млрд доллардың салдары қандай болмақ?

Астана бұған дейін Амстердамның Округтік соты 23 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкінің New York Mellon (BK.N) банкінде сақталған Ұлттық қор қаржысын бұғаттан шығару туралы өтінішін орындағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG