Accessibility links

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі өтетін күн белгіленді


Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек. Лас-Вегас, АҚШ, 16 қыркүйек 2017 жыл.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек. Лас-Вегас, АҚШ, 16 қыркүйек 2017 жыл.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес арасындағы қарымта кездесу 2018 жылдың 5 мамырында өтетін болды. Кездесу күні белгіленгенін боксшылардың өздері мен олардың промоутерлері хабарлады. Қарымта кездесудің қай қалада өтетіні әзірге жарияланбады.

Головкин мен Альварес арасындағы 2017 жылы қыркүйекте өткен алғашқы кездесу 12 раундқа созылып, төрешілер шешімімен тең аяқталған. Орта салмақ бойынша (74.6 килограмм) өткен жекпе-жектен соң екі боксшы да тең нәтижеге көңілі толмайтынын айтып, қарымта кездесуге дайын екенін мәлімдеген.

35 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 38-кездесу өткізіп, бір рет тең түскен. 37 кездесуде жеңіске жеткен. Головкин - WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қаңтардың басында Головкинді «жылдың үздік боксшысы» деп таныған.

XS
SM
MD
LG