Accessibility links

Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға оралатынын жазды


Марғұлан Сейсембаев, кәсіпкер. Алматы, 21 қыркүйек 2015 жыл.
Марғұлан Сейсембаев, кәсіпкер. Алматы, 21 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға оралатынын хабарлады. Ол 1 ақпан күні өзінің Мәскеу әуежайында екенін Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында жазды.

"Достар, мен Қазақстанға оралып жатырмын! Мен қазiр Мәскеудемiн. Менiң және менiң отбасымның қауыпсiздiгiне ең жоғары дәрежеде кепiл берiлдi! Өмiр жалғасуда, бiз бiрге әлi талай-талай жақсы жұмыстарды жасаймыз!" деп жазды ол (жазу пунктуациясы сақталды - ред.)​

51 жастағы Марғұлан Сейсембаев тергеу органдары оны "БТА банктен қаржы жымқырған" деген күдікпен тұтқындалған бұрынғы бизнес-әріптесі Ескендір Ерімбетовтің ісіне байланысты жауап алуға шақырғаннан кейін Қазақстаннан кетіп қалғаны туралы қаңтардың 10-ы күні Facebook-тегі парақшасында жариялаған.

Оқи отырыңыз: Марғұлан Сейсембаев АҚШ-та тұрып жатқаны туралы хабарлады

Осы мәлімдемеден үш күн өткен соң Марғұлан Сейсембаев АҚШ-тың Висконсин штатында екенін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлаған. Өзіне қолдау танытқандарға алғысын білдірген ол "мұндай реакция болады деп күтпегенін" жазған. Сейсембаев қазір америкалық бизнес-серіктестерімен бірқатар жобалар бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан еді.

XS
SM
MD
LG