Accessibility links

Астана: Ұлттық қор қаржысын бұғаттан шығару «уақыт еншісіндегі» мәселе


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан әділет министрлігі молдовалық бизнесмен, Қазақстан Ұлттық қоры қаржысын сот арқылы бұғаттатқан Анатол Статидің іс-әрекетіне одан ары шағымданып жатқанын мәлімдеді. Министрліктің 13 ақпан күні таратқан мәлімдемесінде активтерді бұғаттаудың заңға қайшы екенін «дәлелдеу процесі бірнеше юрисдикцияда жүзеге асып жатқаны» айтылады.

Былтыр желтоқсанда New York Mellon банкі молдовалық бизнесмен Анатол Статидің Қазақстан үкіметіне қарсы арызы бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар қаржысын бұғаттағаны жария болған.

Өткен айда Қазақстан билігі Нидерлад соты Қазақстан Ұлттық банкінің «Ұлттық қордың New York Mellon банкіне кастодиалды сақтауға салынған активін бұғаттан босату туралы» талап-арызын қанағаттандырғанын хабарлаған. Министрліктің хабарлауынша, активті бұғаттан іс жүзінде босату «уақыт еншісіндегі» мәселе. Министрлік хабарламасында Бельгияда осыған ұқсас шағым бойынша сот процесі әлі аяқталмағаны айтылады.

Оқи отырыңыз: Бұғатталған 22 млрд доллардың салдары қандай болмақ?

Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салған Стати мемлекеттік органдар өзін «инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын» айтады. Астана бұл айыптауды терістеп, Статиді «алаяқтық жасады» деп айыптайды. Әділет министрлігінің хабрламасында Қазақстанның бұған дейін Статиге қарсы арыз түсіргені айтылады.

XS
SM
MD
LG