Accessibility links

Оралда жаңа алаңға Назарбаев есімін беруді ұсынды


Талдықорғандағы Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші. 30 қараша 2016 жыл.

Орал қаласында жаңа салынған шағын алаңға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынды.

Орал қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрхат Жанбоздың Азаттыққа айтуынша, мұндай ұсыныс қалалық қоғамдық кеңесте көтерілген.

Қоғамдық кеңес жиынында қаладағы 6 және 7-ықшам аудандардың ортасындағы жаңа алаңға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру ұсынылған.

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ұсыныс енді қалалық мәслихат сессиясында қаралады. Депутаттар ұсынысты қолдаса, одан ары республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады.

Қазақстанда көше және нысанға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі бұған дейін де берілген.

Өткен айда Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаттары Шымкенттегі Астана алаңының атын президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы алаң деп өзгерту туралы ұсынысты қолдағаны хабарланған.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың жеке басына табыну бар ма?

Былтыр қарашаның соңында Алматының орталығындағы совет кезеңінен бері өзгертілмеген Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы деп өзгертілген. Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш президент күні қарсаңында қабылданған бұл шешімді «көптеген тұрғыннан түскен ұсыныс» деп түсіндірген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG