Accessibility links

Тен Олимпиаданың негізгі бағдарламасына өте алмады


Денис Тен Пхенчхан олимпиадасында. 16 ақпан 2018 жыл.
Денис Тен Пхенчхан олимпиадасында. 16 ақпан 2018 жыл.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхенчхан олимпиадасында негізгі бағдарламаға өтпей қалды. Ол қысқа бағдарламада 27-орын алып, негізгі бағдарламаға қатысатын 24 спортшының қатарына енген жоқ. Тен қысқа бағдарламада ұпай құны жоғары төрттік сальхов элементін секіре алмады.

Жарыстан кейін Тен Азаттық тілшісіне олимпиадаға жарақатпен келгенін, аяқ жарақаты ауырып, кедергі келтіргенін айтты.

Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Юдзуру Ханю (111,68 ұпай) бірінші, испаниялық Хавьер Эрнандес (107,58) екінші, тағы бір жапониялық Шомо Уно (104,17) үшінші орында келеді.

Қазақстандық Денис Тен 2014 жылы Сочи олимпиадасында қола медаль алған. Бұл - Қазақстанның төрт жыл бұрынғы Олимпиададағы жалғыз жүлдесі.

Ал Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстан бір қола медальмен қазір жалпы есепте 20-орында келеді.

XS
SM
MD
LG