Accessibility links

СІМ: Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтар жоқ


Aseman Airlines компаниясының ATR-72 жолаушылар ұшағы. Дубай әуежайы, 29 шілде 2008 жыл
Aseman Airlines компаниясының ATR-72 жолаушылар ұшағы. Дубай әуежайы, 29 шілде 2008 жыл

Иранның Исфахан провинциясында апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылар арасында, алдын ала мәліметтер бойынша, қазақстандықтар жоқ деп хабарлады бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Иранның Aseman Airlines компаниясының ATR 72 жолаушылар ұшағы жексенбіде Тегераннан Ясуджға ұшып бара жатқанда Семиром қаласы маңындағы тауға құлаған. Иран басылымдарының хабарлауынша, ұшақта 60 жолаушы және экипаждың 6 мүшесі болған. Иранның төтенше жағдайлар қызметі ұшақтағы адамдардың барлығы қаза болған деп хабарлады. Тегераннан оңтүстікке қарай 480 шақырым жердегі Семиром қаласы маңындағы ұшақ апатының себебі әзірше белгісіз.

Иранның шалғайдағы ішкі аймақтарына жолаушы тасымалдаумен айналысатын Aseman Airlines компаниясы сонымен бірге халықаралық бағыттарға да әуе қатынасын жасайды. Еуропалық ұшақ құрастырушы ATR компаниясы әзірше ұшақ апатына қатысты комментарий бермегенін мәлімдеді.

Ұзақ жылдардан бері халықаралық санкциялар салынған Иранның пайдаланып келе жатқан ұшақтары ескірген деп саналады.

XS
SM
MD
LG