Accessibility links

"Рыбкагейт": Уильям Браудер Facebook әкімшілігінің шешімін сөкті


Hermitage Capital инвестициялық қорының негізін қалаушы Уильям Браудер
Hermitage Capital инвестициялық қорының негізін қалаушы Уильям Браудер

Facebook әлеуметтік желісінің әкімшілігі Instagram қосымшасында жарияланған, ресейлік олигарх Олег Дерипаска мен Ресей вице-премьері Сергей Приходьконы айыптайтын жазбаларды жойды. Америкалық CNBC медиа компаниясы жақында Ресей президентінің "ымырасыз қарсыласы" Алексей Навальныйдың жемқорлықты әшкерелейтін мәлімдеме жасағанын атап көрсеткен.

Ресейлік адвокат Сергей Магнитскийдің қазасына кінәлілерді іздеумен айналысып жүрген Hermitage Capital инвестициялық қорының негізін қалаушы Уильям Браудер Facebook әкімшілігінің іс-әрекетін "масқара қылық" деп сөкті.

Бұған дейін, 9 ақпанда Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Усть-Лабинск аудандық соты Олег Дерипасканың өз "жеке өмірі жайлы ақпаратты заңсыз таратқаны" үшін Настя Рыбканың (Анастасия Вашукевич) үстінен берген шағымын қанағаттандырған. Рыбканың Instagram-да жариялаған фотосуреттері негізінде Навальныйдың жасаған зерттеуінен кейін Дерипаска сотқа шағым түсірген.

Сот шешімінен кейін Ресейдің ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын "Роскомнадзор" мекемесі Навальныйдың "Жемқорлықпен күрес қорының" зерттеуі туралы видеоны Ресейде жариялануға тыйым салынған ақпараттардың ортақ тізіміне енгізген.

Бұдан соң YouTube сервисі NavalnyLive каналы иесіне бизнесмен Олег Дерипасканың шағымы бойынша тыйым салынған Навальныйдың видеосын өшіруді талап етіп хат жолдаған. YouTube сервисі канал иесіне видеоны өз еркімен өшіруді ұсынып, өйтпеген жағдайда каналдың бұғатталуы мүмкін екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG