Accessibility links

Пхенчхан: ресейлік Надежда Сергеева "Б" сынамасын ашқызудан бас тартты


Надежда Сергеева (оң жақта) қысқы Олимпиада ойындары кезінде. Пхенчхан, 17 ақпан 2018 жыл
Надежда Сергеева (оң жақта) қысқы Олимпиада ойындары кезінде. Пхенчхан, 17 ақпан 2018 жыл

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында Ресей атлеттері командасы қатарында бобслейден жарысқа қатысып, алдыңғы алынған "А" сынамасынан допинг ізі табылған Надежда Сергеева "Б" сынамасын ашқызудан бас тартқан. Бұл туралы ТАСС агенттігі Ресей бобслей федерациясына сілтеме жасап хабарлады.

Ресейлік спортшы аккредитациясын өткізіп, Олимпиада қалашығын тастап шығып кеткен.

Сергееваның 18 ақпанда алынған сынамасынан Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік тыйым салынған препараттар тізіміне енгізген треметазидин табылғаны жұма күні мәлім болған еді. Спортшының мұның алдында, 13 ақпанда алынған сынамасы таза болған.

Надежда Сергеева Пхенчхандағы бобслей жарысында 12-орын алған болатын.

Бұған дейін Ресей атлеттері командасынан Александр Крушельницкийдің допинг сынамасынан мельдоний табылғаннан кейін, спорттық төрелік сот оны Пхенчхан Олимпиасында керлингтен иеленген қола медалінен айырған болатын.

Оқи отырыңыз: Ресей спортшысы допинг күдігіне ілінді

XS
SM
MD
LG