Accessibility links

Қазақстан Пхенчханда жалпы есепте 28-орын алды


Қазақстанға жалғыз қола медаль әперген Юлия Галышева (көк формада) марапаттау рәсімінде. Пхенчхан, 12 ақпан 2018 жыл

25 ақпан күні Пхенчхан олимпиадасында соңғы медальдар сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте 14 алтын, 14 күміс, 11 қоламен Норвегия бірінші орынға көтерілді. Екінші орынды Германия (14-10-7), үшінші орынды - Канада (11-8-10) иеленді. Үздік бестікте - АҚШ (9-8-6) пен Голландия (8-6-6) да бар.

Әрқайсысы бір-бір қола медаль иеленген Қазақстан, Латвия және Лихтенштейн жалпы есепте 28-орында тұр.

Ресей олимпиадалық атлеттері 2 алтын, 6 күміс және 9 қоламен 13-орын; Беларусь құрамасы 2 алтын және 1 күміспен 15-орын; ал Украина командасы 1 алтынмен 22-орын иеленді.

Азия елдерінен Оңтүстік Корея (5-8-4) 7-орын, Жапония (4-5-4) - 11 орын, Қытай (1-6-2) - 16-орын алды.

Пхенчхан олимпиадасында Қазақстан құрамасына жалғыз қола жүлдені фристайлдың могул түрінен жарысқа қатысқан Юлия Галышева әперді.

Пхенчхан олимпиадасында Қазақстан медаль күткен фристайлшы Дмитрий Рейхерд те, шаңғышы Алексей Полторанин да, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де үздік үштікке ілінген жоқ. Осы ойындарға үш жыл бойы Голландияда жаттыққан шорт-трекшілер де финалға шыға алмады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

"Сүйкімді" Сталинге дауыс беру сәті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG