Accessibility links

Қырым татарларының белсендісі Сулейман Қадыров сотталды


Сулейман Қадыров, Қырым татарларының белсендісі.
Сулейман Қадыров, Қырым татарларының белсендісі.

Қырымның Феодосия қалалық соты 1 наурызда Қырым татарларының белсендісі Сулейман Қадыровқа екі жыл бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасын кесті. Сот Қадыровты "Ресейдің аумақтық тұтастығын бұзуға жария түрде шақырды" деп айыптады.

Қадыровқа сонымен қатар екі жылға дейін қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Айыптаушы прокурор бұған дейін Қадыровты айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан шартты түрде айыруды сұраған еді.

Жарыссөзде сөйлеген Сулейман Қадыров кінәсін мойындамаған. "Мен украинашыл ұстанымымды ешқашан жасырған емеспін. Ол туралы үнемі айтып жүрмін. Бұл – менің адам және азамат ретіндегі құқығым. Оны жасырмаймын. Өзімді кінәлі санамаймын" деген Қадыров сотта.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желідегі "сепаратист"

Бұған дейін "Қырымда сепаратизмге жария түрде шақырды" деген айыппен журналист Николай Семена және Ресейде тыйым салынған Қырым татарлары меджлисі жетекшілерінің бірі Ильми Умеров сотталған.

XS
SM
MD
LG