Accessibility links

ҰҚК: Сириядан оралған 57 қазақстандық сотталды


ҰҚК-нің арнайы операциясы кезінде ұсталған адамдар (Көрнекі сурет).

Сириядан Қазақстанға осы кезге дейін 125 қазақстандық оралды деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков. Астанада үкімет жиынында сөйлеген Білісбековтің сөзінше, Сириядан оралған 125 адамның 57-сі сотталған, қалғаны бақылауда жүр.

ҰҚК басшысының орынбасары Қазақстанға қайта оралғандарды айықтыру және профилактикалық жұмыстары істеліп жатқанын, бірақ кейбір қазақстандықтар әлі де радикалдық көзқарасты ұстанатынын айтады.

"Экстремизм мен терроризмді насихаттау деңгейі жоғары, ол Қазақстан қоғамының радикалдануына ықпал етуі мүмкін" деді Білісбеков.

Ол 2013 жылдан бері Қазақстанда 38 террорлық актінің алды алынғанын да айтты.

Осыған дейін Азаттықта жарияланған мақалаларда баласы Сирияда қаза болғанын, сонда қалған келіні мен немерелерін Қазақстанға қалай қайтарудыбілмей жүргенін айтып бірнеше ата-ана шағымданған.

ҰҚК таратқан деректерге қарағанда, Сирияға Қазақстанның радикалды діни көзқарастағы 300-ден астам азаматы кеткен. Олардың бірқатары әйелі мен бірнеше баласын бірге әкетсе, Қазақстандағы ата-аналарының айтуынша кейбіреулері Сирия мен Ирак аумағына барып тағы да балалы болған.

Оқи отырыңыз: "Сирияға ұмтылғандардың" кейбірі қайта сотталып отыр

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG