Accessibility links

Аягөзде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету штабы құрылды


Тасқын су басқан Шығыс Қазақстан аудандарының бірі. Төтенше жағдайлар комитеті таратқан сурет. 11 наурыз 2018 жыл.
Тасқын су басқан Шығыс Қазақстан аудандарының бірі. Төтенше жағдайлар комитеті таратқан сурет. 11 наурыз 2018 жыл.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін штаб құрылды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету штабы облыстық жастар мәслихаты мен жастардың ұсынысы бойынша құрылған. Жиналған заттай және қаржылай көмек Аягөзге жөнелтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында өткен апта соңында бір тәулік ішінде бір айлық нормалы жаңбыр жауып, ондаған елді мекенді су басқан. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Аягөз ауданында 40 үйді, Өскеменде 8 үй мен 27 ауланы, Ұлан ауданында екі үй мен төрт ауланы, Глубокое ауданында үш үйді су алған.

Аягөздегі су басқан үйлердің алды құлай бастаған.

Соңғы дерек бойынша, облыста судың беті қайтқан, 136 үйден су шығарылған, тек алты үйде ғана су тұр.

Аягөз ауданында эвакуацияланған 260 адам үйлеріне оралған.

Видео: Су жайылған соң құлаған үй (12.03.2018)

XS
SM
MD
LG