Accessibility links

Пентагон Ресейдің Сирияға қатысты мәлімдемесіне жауап берді


Шығыс Ғута аймағындағы бомбаланған аудан. Сирия, 12 наурыз 2018 жыл.
Шығыс Ғута аймағындағы бомбаланған аудан. Сирия, 12 наурыз 2018 жыл.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресейді Сирияда президент Башар Асадтың қылмысына қатысы бар деп айыптап, Кремльді Шығыс Ғута аймағындағы гуманитарлық дағдарысты реттеуге жәрдемдесуге шақырды. Пентагон өкілі Мәскеуді әлемдік қауымдастық назарын Пентагонның жоспары жайлы жалған мәлімдемелерімен Сириядағы жағдайдан басқа жаққа аудармауға ескертті.

Бұған дейін Ресей Бас штабының бастығы Валерий Герасимов "АҚШ Дамаскідегі үкімет нысандарына шабуыл жасауға ілік табу үшін шын мәнінде көтерілісшілердің өздері жасаған химиялық шабуылға Сирия билігін айыптамақ" деп мәлімдеген.

Америкалық шенеуніктің сөзінше, Асад армиясының "халықаралық құқықты өрескел бұзып, өз халқына қарсы химиялық қару қолданғаны туралы айғақ пен дәлелдердің жаңарып жатқанын елемеу мүмкін емес". "Ресейдің химиялық қару проблемасын реттей алмай отырғаны оның жалпы Сирия дағдарысын реттей алатынына күдік тудырады" деді америкалық шенеунік.

Кеше АҚШ егер Сирия үкіметі Шығыс Ғутадағы соғыс жүріп жатқан аудандардан жаралылар мен науқастарды эвакуациялау туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің соңғы қарарын орындауға бұдан ары кедергі келтіре берсе, "нақты шаралар қолдануға мәжбүр болатынын" мәлімдеген.

АҚШ БҰҰ-ға Сирияға қатысты "айқын, түсінікті" жаңа қарар ұсынуды жоспарлап отыр. Пентагон АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейлидің Ресей "БҰҰ-ның Сирияда бітім орнату туралы келісімін сақтай аламағандықтан немесе оған құлықсыздық танытқандықтан сенімнен айырылды" деген мәлімдемесін қолдады.

XS
SM
MD
LG