Accessibility links

"Зорланған бала" ісі арнайы прокурор қарауына алынды


Қазақстан бас прокуратурасы, Астана (Көрнекі сурет).
Қазақстан бас прокуратурасы, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан бас прокуратурасы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы "зорланған балаға" қатысты іс арнайы прокурор өндірісіне алынғанын хабарлады.

Прокуратура кешенді сот-медициналық жасауға сараптама кәсіби білікті мамандар тартылатынын және процеске қатысы бар тараптардың талап тілегі ескерілетінін хабарлады. Ведомство істің мән-жайын ашудың және кәмелетке толмағандардың заңды құқығын сақтаудың үшін қажетті шаралары жасалып жатқанын айтады. Қылмыстық істі тергеу барысын бас прокуратура бақылауына алған.

Бас прокуратура бұған қоса істі болып жатқан тараптар жас балалар болғандықтан заң бойынша кәмелтке толмағандардың жеке бас мәліметтерінің құпиялылығын сақтау керегін ескертеді.

13 наурыз күні Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Шарипа Батырбекова Азаттық тілшісіне жеті жастағы жиенін былтырғы тамыз айынан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте "ұрып, зорлағаны" туралы жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын айтқан.

Бұл хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан. 14 наурыз күні Батырбекова мен жиенін полиция ұстағаны хабарланған.

Оқи отырыңыз: Билік өкілдері "бала зорлау" дерегін жоққа шығарды

Кеше бұл іске қатысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде арнайы жиын өткізіліп, бірнеше мекеменің басшысы жауапқа тартылған.

XS
SM
MD
LG