Accessibility links

Әділет министрлігі ақтөбелік тағы бір адвокатты сотқа берді


Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (Көрнекі сурет).

Қазақстан Әділет министрлігі "Қазақстанмен қатар өзге мемлекеттің де азаматтығын алған" ақтөбелік адвокат Валерий Якубенконы адвокаттық лицензиясынан айырғысы келеді. Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, әділет министрлігінің бұл туралы шағымы Ақтөбе қалалық сотына 13 наурыз күні түскен.

"Әділет министрлігінің шағымында Валерий Якубенконың кәсіби міндетін атқаруы барысында Қазақстан заңдарын бірнеше мәрте әрі дөрекі түрде бұзғаны айтылады. Сонымен қатар ол өзге мемлекет азаматтығын алған" деп хабарлайды облыстық сот.

Ақтөбе облыстық соты жолдаған хабарламада Валерий Якубенконың нақты қай мемлекеттің "азаматтығын алғаны" көрсетілмеген. Сотқа әділет министрлігінен түскен шағымда Якубенконың адвокаттық лицензиясын тоқтатуға себепкер деректер 2015-2017 жылдар аралығында тіркелгені айтылады.

Сот "қос азаматтығын алған әрі кәсіби қызметі барысында заң бұзған" Валерий Якубенконың үстінен азаматтық іс қозғалғанын, алдын ала сот тыңдауы 11 сәуірге белгіленгенін хабарлайды.

Валерий Якубенко – бұған дейін әділет министрлігімен соттасып, жеңіп шыққан Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Раиса Якубенконың жұбайы.

Оқи отырыңыз: Қорғауға мұқтаж адвокаттың хикаясы

AzattyqTV

Минскіде "Шығыс Еуропа: баршаның қауіпсіздігі жолында" форумы өтеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG