Accessibility links

CPJ Астананы журналистерді қудалауын тоқтатуға шақырды


Марат Әсіпов, Ratel.kz сайтының бас редакторы.

"Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists - CPJ) Астананы қазақстандық екі БАҚ пен олардың журналистерін қылмыстық қудалауды тоқтатуға шақырды. Ұйым таратқан мәлімдемесінде Қазақстан билігін Ratel.kz сайты мен Forbes Kazakhstan журналын қудалау кампаниясын доғаруға шақырды.

2 сәуір күні Алматыда полиция Ratel.kz сайты мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында "жалған ақпарат тарату" ісіне байланысты тінту жүргізген. Полиция сонымен қатар осы екі ақпарат құралы кейбір журналистерінің пәтерін де тінтіген. Бұл іс бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжановтың арызынан кейін қозғалған. Кәкімжанов Forbes.kz және Ratel.kz сайттарында соңғы жылдарда өз қызметіне байланысты жарияланған бірнеше мақаланы "қара пиар" және "жалған" деп атайды. Мақалада Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары" айтылады.

Оқи отырыңыз: Полиция Forbes пен Ratel-дің кеңсесіне жетті

4 сәуірде Ratel.kz бас редакторы Марат Әсіпов қайта тергеліп, "қорғану құқығы бар куәгер" деген мәртебесі "күдікті" деп өзгертілген. Ал сайт пен оның Facebook-тегі парақшасы бұғатталған.

СPJ мәлімдемесінде Ratel.kz пен Forbes Kazakhstan-те Кәкімжановтың "жауапсыз іс-әрекеттері" туралы материалдар 2016 жылдың мамыр мен желтоқсан айлары аралығында жарық көргені айтылады.

"Қазақстанда бейтарап ақпарат пен сыни пікірлер алаңы соңғы жылдары күрт тарылды. Астана диффамацияға бола қылмыстық қудалауын доғарып, бұл трендті тоқтату арқылы алғашқы қадам жасауы тиіс" дейді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огнянова.

Оқи отырыңыз: "Балборсықты қудалау"

Құқық қорғау ұйымдары Қазақстанды Совет одағы ыдыраған 1990 жылдардан бері үздіксіз басқарып келе жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаев "елде өзгеше ойлауды жүйелі түрде тұншықтырып, ықпалды бәсекелестерін басып-жаншиды" деп айыптайды.

6 сәуірде Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін "кәсіби міндетін атқарған журналистерді үрейлендіру үшін жала жабу туралы айыппен қылмыстық қудалауын тоқтатуға" шақырған.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG