Accessibility links

G7: Ресей "Скрипаль ісіне" қатысты жайтты ашсын


Сергей Скрипальдің үйі айналасын тексеріп жүрген полиция қызметкерлері мен мамандар. Солсбери, Ұлыбритания, 3 сәуір 2018 жыл.

Дамыған G7 тобы елдерінің сыртқы істер министрлері Ресейді ресейлік бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның Ұлыбританияда улануына қатысты жайтты "толық ашуға" шақырды.

G7 елдерінің министрлері 16 сәуірде таратқан мәлімдемесінде Ұлыбританияның Скрипальдерді Совет одағында жасалған "Новичок" деп аталатын улы затпен улауға Ресейдің қатысы бары "әбден ықтимал" деген тұжырымымен келісетінін айтады.

Ресей Скрипальдерді улауға қатысы барын жоққа шығарып отыр. Ал Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым (OPCW) 12 сәуірде Скрипальдер уланған заттың химиялық құрамы жөнінде британ тарабының қорытындысымен келісетінін мәлімдеген. Ұлыбритания бұл – "Новичок" атты жүйкені жансыздандыратын затдеген байлам жасап отыр. Удың қайдан шыққанын мамандар тап басып айта алмаған, бірақ Ұлыбритания билігі "Новичокты" жасап шығару мақсатын көздеген тәжірибелер СССР кезінде жасалып, кейін ол Ресейде жалғасқан дейді.

"Біз Ұлыбританияның қастандықтың артында Ресей тұруы әбден мүмкін деген тұжырымымен келісеміз және бұл әрекетті басқаша түсіндіруге ешқандай негіз жоқ деп білеміз" делінген G7 елдерінің сыртқы істер министрлері таратқан мәлімдемеде.

Биыл 4 наурызда Солсбери қаласының орталығында улы заттан қатты зардап шегіп, ес-түссіз халде табылған әкелі-балалы Скрипальдар кейін ауруханада өз-өзіне келген.

Британ үкіметі Ресей барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улауға Мәскеу жауапты деп санайды. Ресей өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Лондон "Скрипаль ісін" тергеу аясында ресейлік 23 дипломатты елден шығарған. 20 шақты мемлекет Ұлыбританияға қолдау көрсетіп, жиыны 100-ден астам ресейлік дипломатты еліне қайтарған.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG