Accessibility links

Саргсян Армения премьері болып сайланды

Серж Саргсян. 17 сәуір 2018 жыл.
Серж Саргсян. 17 сәуір 2018 жыл.

17 cәуірде Армения ұлттық жиналысы (парламент) елдің бұрынғы президенті, Республикалық партияның лидері Серж Саргсянды премьер-министр етіп тағайындады. 76 депутат Саргсянның кандидатурасын қолдаса, 17 депутат қарсы шыққан. Заң бойынша премьер-министрлікке тағайындалу үшін 53 дауыс қажет.

14 сәуірден бері Арменияда экс-президент Серж Саргсяннің кандидатурасын премьер-министрлікке ұсынуға қарсы акциялар өтіп жатыр. Ереванда демонстранттар белсенділерді полиция ұстап әкетіп жатқанына қарамастан акцияны тоқтатпақ емес. Азаттықтың Армян редакциясының хабарлауынша, Ереванда соңғы мәлімет бойынша, полиция 59 адамды ұстап әкеткен.

Акцияға қатысушылар Саргсянді "билікті басып алды" деп айыптайды. Саргсян 2007-2008 жылдары Армения премьер-министрі, одан кейінгі 10 жылда президент болған. Биыл аяқталған конституциялық реформадан соң Армения парламенттік басқару формасына өткен. Енді елді іс жүзінде премьер-министр басқармақ.

Экс-президентке қарсы наразылық

"Менің қадамым" (Мой шаг) қозғалысының лидері, оппозициялық саясаткер Никол Пашинян бастаған белсенділер Еревандағы қарсылық шарасында. 14 сәуір 2018 жыл. 
1/8 "Менің қадамым" (Мой шаг) қозғалысының лидері, оппозициялық саясаткер Никол Пашинян бастаған белсенділер Еревандағы қарсылық шарасында. 14 сәуір 2018 жыл. 
Наразылардың бірі Серж Саргсянның суретін жыртып тұр. Саргсян 2014 жылы билікке қайта келмейтінін айтқан. 
2/8 Наразылардың бірі Серж Саргсянның суретін жыртып тұр. Саргсян 2014 жылы билікке қайта келмейтінін айтқан. 
Никол Пашинян митингте сөз сөйлеп тұр. 15 сәуір 2018 жыл. 
3/8 Никол Пашинян митингте сөз сөйлеп тұр. 15 сәуір 2018 жыл. 
Митингтен тікелей эфир. 
4/8 Митингтен тікелей эфир. 
Еревандағы Баграмян даңғылы бойындағы наразылар. Ереван, 16 сәуір 2018 жыл. 
5/8 Еревандағы Баграмян даңғылы бойындағы наразылар. Ереван, 16 сәуір 2018 жыл. 
Наразылар қоғамдық көліктердің жолын жапқан сәт. 
6/8 Наразылар қоғамдық көліктердің жолын жапқан сәт. 
Саргсян елді он жыл басқарды және Конституция бойынша қайта президент бола алмайды. Бірақ заңға премьер-министр болуға мүмкіндігі бар.  
7/8 Саргсян елді он жыл басқарды және Конституция бойынша қайта президент бола алмайды. Бірақ заңға премьер-министр болуға мүмкіндігі бар.  
Серж Саргсянның кандидатурасына дауыс беру 17 сәуірде өтеді. 
8/8 Серж Саргсянның кандидатурасына дауыс беру 17 сәуірде өтеді. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG