Accessibility links

Пхеньян ядролық бағдарламасын "уақытша тоқтатпақ"

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын 20 сәуір күні барлық ядролық-ракеталық сынақтарды тоқтататынын, полигондарды жабатынын хабарлаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттерде бұл хабарды "Солтүстік Корея үшін және бүкіл әлем үшін жағымды жаңалық" деп атап өтіп, Ким Чен Ынмен кездесуді асыға күтетінін жазды.

Бірақ көп сарапшылар Ким Чен Ын өзінің ядролық бағдарламасынан бас таратады дегенге сенбейді.

18 ақпанда АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Майк Помпео Пхеньянда Солтүстік Корея Корея басшысы Ким Чен Ынмен құпия түрде кездескені хабарлаған. Помпео Пхеньянға АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы мамырдың соңы, я маусымның басында өтуі мүмкін саммитке дайындық аясында барған.

Алдағы аптада Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездеседі. Кездесу Корея түбегінің оңтүстік жағында болады. Ким Чен Ын 1953 жылдан бері Оңтүстік Корея аймағына енетін алғашқы Солтүстік Корея президенті болмақ.

Наурыздың соңында Ким Чен Ын Пекинде Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездескен.

Ким Чен Ынның Қытайға сапары

Ким Чен Ын Пекинге 26 наурыз күні Си Цзиньпиннің шақыруымен барған. 
1/9 Ким Чен Ын Пекинге 26 наурыз күні Си Цзиньпиннің шақыруымен барған. 
26 наурызда Ким Чен Ынның брондалған пойызы Пекинге барғаны туралы хабарланды. Бірақ ол пойызбен Ким Чен Ынның, я Солтүстік Корея билігіндегі басқа адамның келгені белгісіз болған еді.
2/9 26 наурызда Ким Чен Ынның брондалған пойызы Пекинге барғаны туралы хабарланды. Бірақ ол пойызбен Ким Чен Ынның, я Солтүстік Корея билігіндегі басқа адамның келгені белгісіз болған еді.
Ким Чен Ын мен әйелі Ри Соль Чжу Пекинде Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездескен сәт. 
3/9 Ким Чен Ын мен әйелі Ри Соль Чжу Пекинде Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездескен сәт. 
Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин.
4/9 Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин.
Ким Чен Ын Пекинде сөз сөйлеп тұрған сәт. 27 наурыз 2018 жыл. 
5/9 Ким Чен Ын Пекинде сөз сөйлеп тұрған сәт. 27 наурыз 2018 жыл. 
Қытайлық Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Қытай басшысына АҚШ-пен диалог орнатуға, президент Дональд Трамппен кездесуге және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға дайын екенін айтқан.
6/9 Қытайлық Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Қытай басшысына АҚШ-пен диалог орнатуға, президент Дональд Трамппен кездесуге және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға дайын екенін айтқан.
Ақ үйдің мәлімдеуінше, Қытай басшылығы 27 наурызда Вашингтонды Солтүстік Корея басшысының сапары туралы хабардар еткен.
7/9 Ақ үйдің мәлімдеуінше, Қытай басшылығы 27 наурызда Вашингтонды Солтүстік Корея басшысының сапары туралы хабардар еткен.
Ким Чен Ын Пекинге сапары Оңтүстік Кореядағы негізгі тақырыпқа айналды. 
8/9 Ким Чен Ын Пекинге сапары Оңтүстік Кореядағы негізгі тақырыпқа айналды. 
Ким Чен Ын мен Ри Соль Чжу Пекиннен кетіп бара жатқан сәт. 
9/9 Ким Чен Ын мен Ри Соль Чжу Пекиннен кетіп бара жатқан сәт. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG