Accessibility links

Қырғызстанның жаңа премьері Бақытжан Сағынтаевпен сөйлесті


Қазақстан мен Қырғызстан туы.
Қазақстан мен Қырғызстан туы.

21 сәуірде Қырғызстанның жаңа тағайындалған премьер-министрі Мұхаммедкалым Абылғазиев Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің аппараты хабарлады.

Телефонмен әңгімеде екі елдің үкімет басшылары Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасын талқылаған. Сағынтаев Абылғазиевті жаңа қызметімен құттықтаған.

Қырғызстан үкіметі аппаратының хабарлауынша, екі тарап Қазақстан президенті Назарбаев пен Қырғызстан президенті Жээнбеков арасында жасалған келісімдерді орындау мәселелерін де сөз еткен.

Мұхаммедкалым Абылғазиев Қырғызстан премьер-министрі болып 20 сәуірде тағайындалған.

Оқи отырыңыз: Жээнбеков үкіметті отставкаға жіберді

Бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков басқарған үкімет 19 сәуірде таратылған. Жогорку Кенеш үкіметке сенімсіздік танытқан.

XS
SM
MD
LG