Accessibility links

Бішкекте алтын кені құрылысына қарсы ереуіл өтті


Бішкектегі Тогуз-Торо ауданы тұрғындарының қарсылық акциясы
Бішкектегі Тогуз-Торо ауданы тұрғындарының қарсылық акциясы

Бішкектегі Ақ үй алдында Жалал-Абад облысы Тогуз-Торо ауданының тұрғындары Макмал алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы акция өткізді. Тұрғындар қарсылық акциясында 11 сәуірдегі тәртіпсіздіктен соң ұсталғандарды босатуды талап етті.

Акцияға қатысушылар "Тогуз-Торо ауданы тұрғындарын тыңда", "Әділеттік керек", "12 жігіт босатылсын" деген талаптары жазылған плакаттар ұстап шықты.

11 сәуірде Жалал-Абад облысына қарасты Тогуз-Торо ауданының тұрғындары Макмал алтын кеніндегі "Джи Эл Макмал Девелопинг" компаниясының бірнеше ғимараты мен арнайы техникасын өртеп жіберген. Тұрғындар алтын өндіру фабрикасы құрылысына қарсы шыққан. Олар милиция қызметкерлері мен комиссия мүшелеріне тас лақтырған.

Ішкі істер министрлігі "бұзақылық" және "мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

20 сәуірде Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Макмал кенішінде алтын өндіру фабрикасының құрылысын жүргізуге заңсыз рұқсат бергені жөнінде қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG