Accessibility links

Пхеньян ядролық полигондарын жабуға уәде берді

Ким Чен Ын сөз сөйлеп тұр.
Ким Чен Ын сөз сөйлеп тұр.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездесу кезінде Пхеньян мамыр айында ядролық полигондарын жабатынын айтқан. Бұл туралы Оңтүстік Корея президентінің баспасөз хатшысы Юн Ен Чхан хабарлады.

Оның айтуынша, Ким Чен Ын полигонның жабылуына америкалық сарапшылар мен халықаралық журналистерді шақыртуға уәде берген.

Кездесуде Солтүстік Корея лидері елдегі уақытты жарты сағат алға жылжытып, Оңтүстік Кореямен бір уақытқа көшуге келіскен. 2015 жылы "Пхеньян уақытын" енгізіп, уақытты жарты сағатқа шегіндірген.

27 сәуірде Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин арасындағы келіссөз шекара түбіндегі Пханмунджом аймағында өтті. Ким Чен Ын 1953 жылдан бері Оңтүстік Кореяға бірінші рет барған Солтүстік Корея басшысы атанып отыр. 65 жыл бұрын Корей соғысында бітім жасалған, бірақ бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмаған.

Ресми Астана Корей түбегіндегі келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеген.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен алдағы бірнеше апта ішінде кездесуі мүмкін.

Ким Чен Ынның Оңтүстік Кореяға сапары

Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин Корей түбегін бөліп тұрған демаркация сызығында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездесті. 
1/8 Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин Корей түбегін бөліп тұрған демаркация сызығында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездесті. 
Қос Корея президенттері қол алысқан сәт.
2/8 Қос Корея президенттері қол алысқан сәт.
Ким Чен Ынның шекаралық белгі ретінде қойылған бетоннан аттаған сәті. 
3/8 Ким Чен Ынның шекаралық белгі ретінде қойылған бетоннан аттаған сәті. 
Кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мун Чжэ Ин екі ел арасында енді соғыс болмайтынын және "бейбітшіліктің жаңа дәуірі" басталатынын мәлімдеді. 
4/8 Кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мун Чжэ Ин екі ел арасында енді соғыс болмайтынын және "бейбітшіліктің жаңа дәуірі" басталатынын мәлімдеді. 
Мун Чжэ Ин күзде Пхеньянға сапарлап баруы мүмкін екенін айтты.&nbsp;<br />
&nbsp;
5/8 Мун Чжэ Ин күзде Пхеньянға сапарлап баруы мүмкін екенін айтты. 
 
Кездесу Оңтүстік Кореядағы Пханмунджом жерінде өтіп жатыр.
6/8 Кездесу Оңтүстік Кореядағы Пханмунджом жерінде өтіп жатыр.
Екі ел президенттері жаулық пиғылдағы кез-келген әрекеттерді тоқтатып, шекараның екі жағында қалып қойған отбасылардың қайта бірігуіне жағдай жасауға келісті.&nbsp;
7/8 Екі ел президенттері жаулық пиғылдағы кез-келген әрекеттерді тоқтатып, шекараның екі жағында қалып қойған отбасылардың қайта бірігуіне жағдай жасауға келісті. 
Президенттер1953 жылы Сеул мен Пхеньян Корей соғысы кезінде бейбіт келісімге келгеннен кейін ашылған баққа барып, ағашын екті. Егілген ағаш жанына &quot;Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамырын жайды&quot; деген жазуы бар тақтайша орнатылмақ.&nbsp;
8/8 Президенттер1953 жылы Сеул мен Пхеньян Корей соғысы кезінде бейбіт келісімге келгеннен кейін ашылған баққа барып, ағашын екті. Егілген ағаш жанына "Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамырын жайды" деген жазуы бар тақтайша орнатылмақ. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG