Accessibility links

Kazakh TV қырғыз тілінде хабар таратады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандық Kazakh TV телеарнасы 1 мамырдан бастап қырғыз тілінде хабар тарата бастайды. Бұл туралы Kazakh TV телеарнасы кіретін Хабар агенттігі хабарлады.

Бұл телеарна бұған дейін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде хабар таратып келген. Агенттіктің хабарлауынша, HotBird 13, AsiaSat 5, Galaxy 19, Kazsat 2/3 спутниктері арқылы әлемнің біраз еліне тарайтын Kazakh TV телеарнасының 450 бағдарлама мен жоба қырғыз тіліне аударылған. Қырғыз тілінде редактор, режиссер, журналистер жұмысқа алынған.

Телеарнаның халықаралық ақпарат бөлімінің продюсері Рейна Досалиеваның айтуынша, Kazakh TV күзден бастап өзбек тілінде жүгіртпе жолдар пайдалана бастайды.

XS
SM
MD
LG