Accessibility links

Бүгін, 8 мамырда Армения парламенті соңғы он күн ішінде екінші рет ел премьер-министріне дауыс береді. Бұл жолы да оппозиция лидері Никол Пашинян ғана ресми кандидат ретінде тіркелген.

7 мамырда халық алдына шығып сөйлеген Пашинян "Сіздер ұсынған кандидат сайланатынына 95 пайыз сенімдімін. Ертең Армения халқының жеңіске жететін күні болады" деген.

1 мамырда парламент депутаттары оппозиция лидері Никол Пашинянның премьер-министр болуына қарсы дауыс берген. Осыдан кейін Пашинян халықты қайта көшеге шығуға үгіттеген.

Халық жолды жауып, наразылық күшейе түскенде ел парламентіндегі басым орынға ие Республикалық партия келесі сайлауда ұсынылған кандидатты қолдайтындарын айтқан. Премьер-министр сайлауы 8 мамырға белгіленген. Пашинян жақтастары бірнеше күнге наразылықты тоқтатқандарын, егер талаптары орындалмаса қайта көшеге шығатындарын мәлімдеген.

Соңғы бірнеше апта бойы Арменияда тұрғындардың билікке қарсы жаппай наразылығының жетекшісі ретінде танылған Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне ұсынылып отыр.

Өткен айда Армения парламенті премьер-министр етіп сайлаған, оған дейін қатарынан екі мерзім ел президенті болған Республикалық партия лидері Серж Саргсян үкіметке қарсы халықтың жаппай наразылығынан кейін отставкаға кеткен еді.

Оған дейін соңғы он жылға жуық уақыт бойы Саргсян Армения президенті болып отырған кезде жүргізілген конституциялық реформа нәтижесінде премьер-министрдің қызмет өкілеті кеңейтілген болатын.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Минскіде "Шығыс Еуропа: баршаның қауіпсіздігі жолында" форумы өтеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG