Accessibility links

"Зимняя вишня" сауда орталығындағы сүру жұмыстары тоқтатылды


"Зимняя вишня" сауда орталығы.

Ресейдің Кемерево қаласындағы "Зимняя вишня" сауда ортылығын сүру жұмыстары тоқтатылды. Ресейдің тергеу комитеті тексеру жұмыстары жалғасып жатқандықтан сүруді тоқтатқаны хабарланды.

Тергеу комитеті әзірге ресми жауап берген жоқ. Өрттен қаза болғандардың жақындары мен адвокаттары "Сибирь.Реалии" сайтына бұл ақпаратты растады. Олардың айтуынша, тергеу комитеті қылмыстық іс бойынша ғимаратты заттай дәлел деп таныған.

Адвокат Антон Кручковтың айтуынша, "айыпталушылардың саны бастапқыдан көп болуы мүмкін. Сол үшін қылмыс болған орынды әлі де тексеру керек"

15 мамырда Ресейдің Кемерево қаласында "Зимняя вишня" сауда орталығын сүру жұмыстары басталғаны хабарланған.

Наурыздың 25-і күні Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен 64 адам (арасында 41 бала бар) ажал құшқан. Ресейдің Кемерово облысын ұзақ жылдар бойы басқарып келген 73 жастағы Аман Төлеев оқиғадан кейін отставкаға кеткен.

AzattyqTV

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
Қайрат Досмағамбетов

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы

XS
SM
MD
LG