Accessibility links

Мәжіліс Қауіпсіздік кеңесінің рөлін күшейтетін заңды қабылдады


Қауіпсіздік кеңесінің отырысы
Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Қазақстан парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырыста Қазақстанның қауіпсіздік кеңесін конституциялық орган ретінде тануды ұсынған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

1991 жылы құрылғаннан бері президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын бұл кеңес арнайы кеңес беруші орган ретінде танылып келген.

Заң жобасын депутаттарға таныстырған Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, заң жобасының қабылдануы “Қазақстан қауіпсіздік кеңесін елдің ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуші орган ретінде тануға” мүмкіндік береді.

Бұл заң Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруға мүмкіндік береді.

Бекетаевтың сөзінше, құжат үш негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім қауіпсіздік кеңесінің құқықтық статусын, негізгі міндеттері мен функцияларын анықтайды. Екінші бөлім қауіпсіздік кеңесі құрамын, оның төрағасы мен мүшелерінің өкілетін бекітеді. Ал соңғы бөлім қауіпсіздік кеңесінің қызметі мен аппаратын қаржыландыру мәселелерін реттейді.

Ақпан айында мәжіліске Қазақстан президентіне қауіпсіздік кеңесін мәңгі басқаруға құқық беруді қарастыратын заң жобасы түскені хабарланған.

Сол кезде қауіпсіздік кеңесінің статусын кеңіс беру органынан конституциялыққа ауыстыру туралы ұсыныс айтылған.


XS
SM
MD
LG