Accessibility links

Кәсіподақ лидері Әмин Елеусінов түрмеден шықты


Oil Construction Company (OCC) компаниясының кәсіподақ ұйымының төрағасы Әмин Елеусінов сотты отыр. Астана, 14 наурыз 2017 жыл.

Oil Construction Company (ОСС) кәсіпорны кәсіподағының бұрынғы төрағасы 57 жастағы Әмин Елеусінов мамырдың 22-сі күні Павлодардағы АП-162/3 түрмесінен босап шықты. Бұл туралы Азаттыққа қызы Оны Милана Елеусінова хабарлады.

Мамырдың 4-і күні Павлодар қалалық №2 соты түрме жазасын шартты түрге ауыстырған. Сот өткен күні адвокат Төлеген Шаиков "Елеусіновтің туыстары мемлекет алдындағы шығындарды өтегенін" айтқан.

Әмин Елеусіновті мұнайшылардың Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын жабуға қарсы аштық акциясы кезінде ұстаған. Кәсіподақтың Маңғыстау облысындағы филиалдарын билік белгілеген мерзімге дейін тіркелмегені үшін жаппақ болған. Ақтауда және Қаламқас пен Жетібай кеніштерінде өткен наразылық акцияларына жүздеген мұнайшы қатысқан.

2017 жылы сәуірде Астана қаласының Алматы аудандық 2-соты Әмин Елеусіновті "кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқырды" және "полицейлерге тіл тигізді, бағынбады және оларға күш қолданды" деген айыптармен екі жылға соттаған.

Елеусіновпен бірге компания кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев та жазаланған. Нұрбек Құшақбаев "заңсыз ереуілді жалғастыруға арандатты" деген айыппен екі жарым жылға түрмеге қамалған.

Оқи отырыңыз: ОСС кәсіподақ лидері не үшін сотқа тартылды?

Мамырдың 11-і күні Павлодар қалалық №2 соты Құшақбаевты да түрмеден босату туралы шешім қабылдаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews18.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:19 0:00
XS
SM
MD
LG