Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі туралы заң жобасы сенатқа жолданды


Қауіпсіздік кеңесінің отырысы
Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

23 мамырда мәжіліс екінші оқылымда “Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі туралы” заң жобасын қажетті түзетулерімен бірге мақұлдады. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Бұған дейін заң жобасын депутаттарға таныстырған Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, заң жобасының қабылдануы “Қазақстан қауіпсіздік кеңесін елдің ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуші орган ретінде тануға” мүмкіндік береді.

Заң жобасы бойынша қауіпсіздік кеңесі төрағасына мынадай өкілеттер беруді ұсынып отыр: қауіпсіздік кеңесін басқару, отырыстары мен жедел жиналыстарын шақыру, қауіпсіздік кеңес туралы жағдайды бекіту, сонымен бірге заңнамада қарастырылатын өзге өкілеттерді жүзеге асыру.

Бұл заң жобасы Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруға мүмкіндік береді.

Бекетаев бұған дейін құжаттың үш негізгі бөлімнен тұратынын айтқан. Бірінші бөлім қауіпсіздік кеңесінің құқықтық статусын, негізгі міндеттері мен функцияларын анықтайды. Екінші бөлім қауіпсіздік кеңесі құрамын, оның төрағасы мен мүшелерінің өкілетін бекітеді. Ал соңғы бөлім қауіпсіздік кеңесінің қызметі мен аппаратын қаржыландыру мәселелерін реттейді.


Ақпан айында мәжіліске Қазақстан президентіне қауіпсіздік кеңесін мәңгі басқаруға құқық беруді қарастыратын заң жобасы түскені хабарланған.

Сол кезде қауіпсіздік кеңесінің статусын кеңіс беру органынан конституциялыққа ауыстыру туралы ұсыныс айтылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG