Accessibility links

Еуропа киноакадемиясы Ресейді Сенцовты босатуға шақырды


Russia -- Ukrainian film director Oleh Sentsov is seen inside of the defendant's cage in a military courtroom during a hearing in the southwestern city of Rostov-on-Donu, August 25, 2015
Russia -- Ukrainian film director Oleh Sentsov is seen inside of the defendant's cage in a military courtroom during a hearing in the southwestern city of Rostov-on-Donu, August 25, 2015

Еуропа киноакадемиясы Ресей билігі "теракт әзірлеген" деген айыппен 20 жылға бас бостандығынан айырған украиналық режиссер Олег Сенцовты түрмеден босатуға шақырды. Мәлімдеме киноакадемия сайтында жарияланды.

"Олегтің қазасына жол бермеңіздер" деп аталатын құжатта еуропалық актерлер, режиссерлер мен продюсерлер тұтқындағы Олег Сенцовтың денсаулық жағдайына алаңдаушылық білдірген. Мамырдың 14-і күні Сенцов Ресей түрмесіндегі барлық украиналық саяси тұтқындарды босатуды талап етіп мерзімсіз аштық жариялаған. Кино өнері қайраткерлері режиссерді дереу және ешқандай шартсыз босатуды талап еткен.

Мәлімдемеге Мәлімдемеге Кшиштоф Занусси, Вим Виндерс, Стивен Долдри, Бертран Тавернье сынды танымал режиссерлер қол қойған.

Еуропа киноакадемиясы мүшелері бұған дейін де Ресей билігінен тұтқындағы Олег Сенцовты босатуды талап етіп мәлімдемелер жасаған.


Ресей құқық органдары украиналық кинорежиссер Олег Сенцовты Мәскеу аннексиялап алған Қырым түбегінде 2014 жылы ұстаған. 2015 жылы тамызда Ресей соты Олег Сенцовты "Қырым аумағында террорлық қауымдастық құрғаны" үшін айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға және жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге үкім шығарған. Кинорежиссер өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген. Осы іс бойынша айып тағылған белсенді Александр Кольченконы сот 10 жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамаған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG