Accessibility links

БАҚ: қос Корея лидерлері кездескен


Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин (сол жақта) және Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын. 27 сәуір 2018 жыл.
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин (сол жақта) және Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын. 27 сәуір 2018 жыл.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин және Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын шекаралық аймақта кездесіп, АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары саммитін талқылаған. Бұл туралы Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігіне сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Агенттік ақпараты бойынша, Мун Чжэ Ин мен Ким Чен Ын кездесуі екі сағатқа жалғасқан. Оңтүстік Корея басшысы бұл кездесудің қорытындысы туралы жексенбіде жария етуі мүмкін.


Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын маусымның 12-і күні Сингапурде кездеседі деп жоспарланған еді. Мамырдың 24-і күні Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге бармайтынын мәлімдеп, Солтүстік Кореяның "ашу-ыза мен дұшпандық риторикасына" қатысты қынжылыс білдірген болатын. Ақ үй басшысының мұндай шешіміне соның алдында Солтүстік Корея тарапынан жасалған қатаң мәлімдемелер себеп болған. Сонымен бірге АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдері соңғы күндері Вашингтонның алдағы жоспарланған кездесуге дайындыққа қатысты жолдаған бірнеше сауалына Пхеньяннан жауап алмағанын айтқан.

Трамп Ким Чен Ынмен кездеспейтіні туралы мәлімдегеннен кейін Солтүстік Корея алаңдаушылық білдірген. Пхеньян президент Трамптың біржақты шешіміне қарамастан диалогты жалғастыруға әзір екені туралы мәлімдеген.

Мамырдың 25-і күні АҚШ президенті Трамп Пхеньянмен диалогты қайта жандандыру туралы айтып, маусымның 12-іне белгіленген кездесу өтуі мүмкін деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG