Accessibility links

Апелляция ҚДТ-ға тыйым салуға қарсы шағымды қанағаттандырмады


Антон Фабрый, астаналық заңгер. 29 мамыр 2018 жыл.
Антон Фабрый, астаналық заңгер. 29 мамыр 2018 жыл.

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы заңгер Антон Фабрыйдың Есіл аудандық сотының "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысын экстремистік ұйым деп тану туралы шешіміне берген шағымын шағымын қанағаттандырмай тастады. Шағымды судья Абай Көкжалов төрағалық еткен алқа қарады.

Заңгер Антон Фабрый экс-банкир әрі билікті сынаушы Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына салынған тыйымның күшін сот арқылы жойдыртуға талпынып жүр.

Антон Фабрый Есіл аудандық сотының ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, оның қызметіне тыйым салған наурыздың 13-індегі шешіміне қатысты апелляциялық сотқа жүгінген. Сәуірдің 13-і күні Фабрый Астана қаласы сотына (Есіл аудандық соты арқылы) берген апелляциялық шағымында: "ҚДТ қозғалысына қосылғым келген, бірақ енді ондай заңды құқығымнан айырылдым, сот шешімі бірігу құқығымды шектейді" деп жазған. Бұған қоса, шағым иесі "ҚДТ - экстремистік ұйым емес" деп санайтынын, сондықтан Астана қаласы апелляциялық сотынан Есіл аудандық соты шешімінің күшін жоюды сұраған.

Фабрыйдың сөзінше, Есіл аудандық соты оның апелляциялық шағымын ол күткендей қабылдамаған әрі сәуірдің 16-сі күні оның шағымын қайтарып беру туралы ұйғарым шығарған. Сот мұның себебін "Фабрый - сот процесіне қатысушы емес әрі қабылданған шешімнің оның құқық, міндеттеріне қатысы жоқ, сондықтан оның апелляциялық шағым беруге қақы жоқ" деп түсіндірген.

Оқи отырыңыз: Астаналық заңгер ҚДТ-ға тыйым салумен келіспейді

Сотқа ҰҚК Астана қалалық департаментінің өкілі, прокурор және Қазақстандық адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро өкілі қатысты.

Антон Фабрый Азаттыққа апелляциялық сот шешіміне қарсы енді Жоғарғы сотқа шағымданатынын айтты.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG