Accessibility links

Израиль Газадағы ХАМАС нысандарына әуеден соққы берді


Израиль әскери әуе күштерінің F-35 ұшағы.
Израиль әскери әуе күштерінің F-35 ұшағы.

Израиль армиясының өкілдері ел аумағын зымыранмен атқылауға жауап ретінде өткен түні израильдік әскери ұшақтар Газа секторындағы ХАМАС радикалдық тобының нысандарына соққы бергені туралы мәлімдеді. Маусымның 2-і күні Израиль әскерилері Газа секторынан Израиль территориясына кемінде төрт снаряд атылғаны туралы хабарлаған. Зымыранның үшеуіне тосқауыл жасалған, бір зымыран өзі құлаған.


Израильге қарсы жасалған зымыран шабуылы үшін жауапкершілікті әзірше ешкім алған жоқ. Газа тұрғындары Израиль ұшақтары палестиналық терриорияны бақылауында ұстап отырған ХАМАС тобының үш нысанына соққы бергені туралы мәлімдеген. Израиль армиясының баспасөз қызметі Газа секторындағы ХАМАС тобы пайдаланатын үш лагерьде 10 нысанның жойылғаны туралы хабарлаған.

Израиль ұшақтары жасаған әуе шабуылы салдарынан қаза тапқан және зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұған дейін осы аптада Израиль 2014 жылдан бергі кезеңдегі ең шиеленісті жағдай қалыптасқан Газа аймағында палестиналық қарулы топтармен арадағы атысты тоқтату туралы бейресми келісімге қол жеткізген болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG