Accessibility links

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды жеңді


Қазақстан құрамасының ойыншылары.

6 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы сапынан Роман Муртазаев, Серікжан Мужиков және Бахтиер Зайнудинов гол салды. Үш футболшы да "Астана" командасында ойнайды.

Бұл жолдастық матчқа Қазақстан құрамасын болгариялық маман Станимир Стойлов дайындаған. Ол бірнеше ай бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған.

Стойлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бұған дейін Венгрия құрамасын жеңіп, Болгариядан жеңілген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG