Accessibility links

Шымкенттің миллионыншы тұрғынына пәтер берілді


Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттің миллионыншы тұрғыны болып тіркелген Айсұлу Еламанованың отбасына пәтер кілтін табыстап тұр. Шымкент, 6 маусым 2018 жыл (Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды).

Маусымның 6-сы күні Шымкенттің миллионыншы тұрғыны болып тіркелген жаңа туған Айсұлу Еламановаға екі бөлмелі пәтер берілді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Еламановтар отбасына пәтер кілтін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев табыстады.
Айсұлу Еламанова 17 мамырда туған. Әкесі 22 жастағы Самат Еламанов Шымкенттегі облыстық жүйке аурулары ауруханасында аға медбике болып жұмыс істейді.

Жас отбасыға пәтерді кәсіпкер Қайрат Молдасейітов алып берген.

5 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Шымкенттен Түркістанға көшіру туралы ұсынысты мақұлдап, үкіметке жолдаған. Билік тұрғын саны бір миллионнан асқан Шымкент ерекше мәртебеге лайық деп біледі.

Оқи отырыңыз: Облыс орталығы болар Түркістандағы қазіргі өмір

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG