Accessibility links

АҚШ: Иранның уран байытуына жол бермейміз


Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ Иранның ядролық қаруын дамытуына жол бермейтінін ескертті. Вашингтон бұл туралы Иран өзінің уран байыту мүмкіншіліктерін күшейту жоспары барын жария еткен соң мәлімдеп отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Twitter-дегі парақшасында "Біз Иранның уран байыту мүмкіндіктерін күшейтуді жоспарлап отырғанын естідік. Иранның ядролық қаруын дамытуына жол бермейміз" деп жазды. Ол Иран "АҚШ-тың табанды екенін білетінін" айтты.

5 маусымда Иран 2015 жылы әлемдік державалармен жасалған ядролық келісім бұзылатындай жағдайға дайын отыру үшін уран байыту мүмкіндіктерін арттыру процесін бастағанын хабарлаған. Иран Атом энергиясы агенттігінің басшысы Әли Акбар Салехи Тегеран таяу күндері Натанз уран байыту зауытында жаңа центрифугалар шығаратын орталықтың ашылуын жариялайтынын айтқан. Ол БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне (МАГАТЭ) бұл туралы хат тапсырған. Дегенмен, ол Иран ядролық келісім талаптарын орындай беретінін және елдің ядролық белсенділігі келісімде белгіленген шеңберден аспайтынын айтады.

"Рухани көсемнің (аятолла Әли Хаменей - ред.) тапсырмасынан соң біз орталықты 48 сағат ішінде дайындадық. Орталық бір ай ішінде қалпына келеді деп үміттенеміз" деді Салехи.


Өткен айда АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иранның ядролық бағдарлмасын тежеп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкцияларды жұмсартатын келісімнен шығатынын мәлімдеген. Келісімге қол қойған өзге елдер - Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия келісімнен шықпайтынын айтады.

Аятолла Әли Хаменеи мен Иранның басқа да консерватор басшылары Иран Дональд Трамптың шешімінен соң келісім талаптарынан шықпауы керек пе деген мәселені талқылай бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG