Accessibility links

Қырғызстанда ондаған тұтқын аштық жариялап жатыр


Қырғызстан түрмесі. (Көрнекі сурет.)
Қырғызстан түрмесі. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстанның Шу облысындағы Молдовановка ауылындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 59 адам колониядағы тұтқындардың жағдайына наразылық білдіріп аштық жариялап жатыр. Тұтқындардың қарсылық акциясы дәл қашан басталғаны әзірше белгісіз.

Қырғызстанның Жазаны атқару мекемесінің Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабаралуынша, маусымның 8-і күні колониядағы 10 тұтқын ауыздарын тігіп тастаған.

Азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Нурдин Сулайманов тұтқындар наразылығы маусымның 5-інен бастап жалғасып жатыр дейді. Сулаймановтың сөзінше, л басқаратын орталықтың қызметкерлері колонияға барған, наразылық акциясына қатысушы тұтқындар азаптауға қатысты шағым айтпаған.


Азаттыққа хабарласқан, аты-жөнін атамауды сұраған тұтқынның туысы түрмедегі аштық акциясына 75 адам қатысып жатыр дейді. Оның сөзінше, "колония қызметкерлері күш қолданып, бірнеше тұтқынның қабырғасын сындырғаннан кейін" жазасын өтеп жатқандар маусымның 3-інде қарсылық акциясын бастаған. Азаттыққа хабарласқан әйел тұтқындар туыстары әкелген заттарды ала алмай отырғанын айтады.

Тұтқындар аштық акциясын өткізіп жатқан түрме әкімшілігі "тұтқындарға күш көрсетілгені" туралы ақпаратқа қатысты ешқандай комментарий берген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG