Accessibility links

Дональд Туск G7 басшыларын Сенцовты қолдауға шақырды


Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск.
Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск.

Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск "Үлкен жетілікке" (G7) мүше елдердің жетекшілерін Ресейде түрмеде отырған украиналық режиссер Олег Сенцовқа қолдау білдіруге шақырған. "Біздің ынтымақтастығымыз оны ажалдан алып қалуы ықтимал", - деп мәлімдеген Туск.

Олег Сенцовтың Ресей түрмелерінде отырған украиналық саяси тұтқындарды түгелдей шығаруды талап етіп аштық жариялап жатқанына 27 күн болды. Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Сенцовтың тағдырына бей-жай қарамайтын барша жұртты маусымның 8-і мен 9-ы күндері ғаламдық деңгейде өтетін #SaveOlegSentsov онлайн-акциясына қосылуға және "Үлкен жетілік" елдері лидерлерінің парақшаларына Сенцовты түрмеден босату үшін Кремльге қысым жасауға шақырған комментарийлер қалдыруға үндеген.

Украиналық режиссер Олег Сенцов Ресей аннексиялаған Қырымда "теракт ұйымдастырмақ болған" деген айыппен 2015 жылы тамызда 20 жылға сотталған. Құқық қорғаушылар мен Сенцовтың өзі бұл іс қолдан құрастырылған деп біледі. Ресей таққан айыпты жоққа шығарған Сенцов түрмедегі аштық акциясын "соңына дейін" жалғастыра беретінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG