Accessibility links

Украина мен Ресей омбудсмендері тұтқындар жағдайымен таныспақ


Ресей түрмесінде отырған украиналық режиссер Олег Сенцовты қолдау акциясы. Киев, Украина, 9 маусым 2018 жыл.
Ресей түрмесінде отырған украиналық режиссер Олег Сенцовты қолдау акциясы. Киев, Украина, 9 маусым 2018 жыл.

Ресей мен Украинаның адам құқығы жөніндегі уәкілдері (омбудсмен) жақын уақытта Ресей түрмесінде отырған украин азаматтарының және Украина түрмесіндегі ресейліктердің жағдайымен танысуға баратындарын растады. Сенбі күні Украина президенті Петр Порошенко мен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлескен кезде осы мәселе жөнінде өзара келіскені туралы хабарланған.

Украина Жоғарғы Радасының адам құқығы жөніндегі уәкілі Людмила Денисова сенбі күні президент Порошенкомен кездескеннен кейін ең әуелі Ресейде колонияда отырған украин азаматтары Олега Сенцов, Александр Кольченко, Станислав Клых, Николай Карпюк, сонымен бірге Мәскеуде тергеу абақтысында қамауда жатқан Романа Сущенко мен Ресул Велиляевке жолығуды жоспарлап отырғанын айтқан. Бұған қоса ол Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі тұтқындармен де кездесу ниеті барын білдірген.


Ресейде 20 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан украиналық режиссер Олег Сенцов Ресей түрмесінде қамауда отырған украиналық 64 саяси тұтқынды түгелдей босатуды талап етіп мамырдың 14-інен бері аштық жариялап жатыр.

Ресейдің адам құқықтары жөніндегі арнайы уәкілі Татьяна Москалькова Украинаға барып, сол елде "мемлекетке опасыздық жасады" деген айып тағылған Кирилл Вышинскиймен және тұтқындалған өзге де ресейліктермен кездесуді жоспарлап отыр. Денисова мен Москалькова іс-қимылдарын үйлестіру үшін өзара телефонмен сөйлескендерін хабарлаған.

Порошенко мен Путин ұзақ уақыттан бері алғаш рет маусымның 9-ы күні телефон арқылы сөйлескен. Бұл телефон әңгімесі маусымның 11-іне жоспарланып отырған "норман төрттігі" елдері (Германия, Ресей, Украина мен Франция) сыртқы істер министрлері кездесуі қарсаңында өткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG