Accessibility links

АҚШ: Ресей сәуірде АҚШ облигацияларының жартысын сатты


АҚШ Қаржы министрлігі ғимараты.
АҚШ Қаржы министрлігі ғимараты.

2018 жылғы сәуірде Ресей өзіндегі АҚШ Қаржы министрлігінің жалпы құны 96 миллиард доллар тұратын облигацияларының жартысын сатқан соң, онда 48 миллиард доллардың құнды қағаздары қалған. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған статистикалық деректерде айтылған.

Ресейлік РБК басылымының жазуынша, Ресейдің қолындағы америкалық мемлекеттік құнды қағаздардың бұлайша азаюы АҚШ-та 2008 жылы наурыздағы қаржы дағдарысынан бергі кезеңде алғаш рет қайталанып отыр.


Биыл сәуірдің 6-сы күні АҚШ Ресейдің 24 азаматы мен 14 компаниясына қарсы санкциялар енгізген. АҚШ Қаржы министрлігі аталған тізімге "Путин режимінің арқасында пайда көрген немесе Ресейдің зиянкес іс-әрекеттерінде маңызды роль атқарған" адамдар енгізілгені туралы жариялаған. Олардың ішінде Олег Дерипаска, Виктор Вексельберг, Игорь Ротенберг және Андрей Костин, ал кәсіпорындар арасында Ресейдің ірі алюминий өндірушілерінің бірі – Rusal компаниясы да бар.

Маусымның басында Ресейде Кремльге, жекелеген ресейлік азаматтар мен кәсіпорындарға қатысты "дұшпандық шара" деп танылған іс-әрекеттерге биліктің "жауап шаралар" қабылдауына рұқсат беретін заң күшіне енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG