Accessibility links

Сот "оккульттік ұйым" ісі бойынша сотталғандар үкімін өзгертпеді


"Алауыздық қоздырды" деп айыпталған Уәли Әлиасқаров (сол жақта) пен Михаил Ткачев сотта отыр. Қарағанды, 21 қараша 2017 жыл.
"Алауыздық қоздырды" деп айыпталған Уәли Әлиасқаров (сол жақта) пен Михаил Ткачев сотта отыр. Қарағанды, 21 қараша 2017 жыл.

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы Уәли Әлиасқаров пен петропавлдық Михаил Ткачевке шығарылған сот үкімін өзгертпеді. Қазыбек би аудандық соты биыл қаңтарда Ткачев пен Әлиасқаровты "Киелі Русь жаратушыларының одағы" ["Союз Сотворцов Святой Руси" - СССР] оккульттік ұйымы идеяларын таратты деп айыптап, бес жылға соттаған. Бірақ 13 наурызда апелляциялық алқа адвокаттың іс материалына сотталушылар туыстарының сұрауы бойынша Ресейде жүргізілген сараптама материалдарын қосуды сұраған талап арызын мақұлдаған.

Бүгінгі апелляциялық шағымды қарауға сотталушыларды қатыстырмады. Олардың мүддесін сотта адвокат Игорь Кирьянов қорғады.

Михаил Ткачев пен Уәли Әлиасқаровтың туыстары Азаттық тілшісіне сотталушылардың алғашқы сот сот пен апелляциялық сот шешімін ұзақ күтіп, денсаулығы нашарлағанын және моральдық күйзеліске ұшырағанын айтты. Олар 15 ай - 2017 жылдың наурызынан бері қамауда отыр.

Адвокат Игорь Кирьянов сотта тергеу Ткачевке кінәсін мойындап, есесіне жазасын жеңілдету туралы процессуалдық келісім жасасуды ұсынғанын, ал Ткачев осындай өтініш білдіргенде одан Әлиасқаровты да көндіруді талап еткенін айтты. Бірақ Ткачев талапты орындаудан бас тартқан.

Оқыңыз: "Оккульттік ұйым" туралы істе полицей куәлік етті

Ткачев пен Әлиасқаров және адвокаты соттан алғашқы сот инстанциясының үкімін жойып, "қылмыстық құрам белгілері жоқ болғандықтан" қылмыстық істі жабуды сұраған. Адвокаттың сөзінше, "сот айыптаушылар уәжін қабылдағанда өрескел қате жіберген".

Прокурор үкімнің "заңды әрі негізі барын", ал Ткачев пен Әлиасқаровтың кінәсі толық дәлелденгенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG