Accessibility links

Иркутскіде Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсы акция өтті


Иркутскідегі зейнетақы реформасына қарсы акция. Ресей, 25 маусым 2018 жыл.
Иркутскідегі зейнетақы реформасына қарсы акция. Ресей, 25 маусым 2018 жыл.

Ресейдің Иркутск қаласында 25 маусымда зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы акция өтті. Акцияға денсаулық сақтау, білім беру, тау-кен өнеркәсібі, көмір өнеркәсібі, мұнай өндірісі және басқа да сала кәсіподақтарының өкілдері қатысты. Бұл туралы "Сибирь.Реалии" сайты хабарлады.

Іс-шара пикет форматында өтті, ешкім трибунадан сөйлемеді. Бірақ бір сағатқа созылған акцияда алаңда халықтың наразы үні басым болды. Жұрт Ресей үкіметінің зейнетке шығу жасын ұлғайту жоспарын өзара қызу талқылады.

Наразылар "Медведев үкіметі отставкаға кетсін!", "Жұмысшыларға үкім: 5 және 8 жыл демалу құқығынан айыру!", "Үйренбе, ауырма! Жұмыс істеп болдың ба? Өл!" деп жазылған плакаттар ұстап шыққан.

Иркутск кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Александр Коротких Приангарьенің көптеген тұрғыны зейнет жасына дейін өмір сүрмейтінін, себебі олар солтүстік аумақтарға теңестірілген жерлерде тұратынын айтты.

Пикет кезінде ұйымдастырушылар Ресей Мемлекеттік думасы депутаттарына жазылған үндеуге қол жинауды бастады. Мұндай үндеуге Иркутск облысының барлық еңбек ұжымында қол жинап жатыр. Қол қойылғн құжаттар 1 шілдеде Мәскеуге жөнелтіледі деп жоспарланған.

Ресейдегі Ұлтшыл-патриоттық күштер кеңесінің өкілдері пикетке қатысушыларға 30 маусымда Иркутскіде өтетін "Медведев үкіметі отставкаға кетсін!" деп аталатын митингіге қатысуға үндеп жүрді.

16 маусымда Ресей үкіметі Мемлекеттік думаға елде зейнетке шығу жасын ерлер үшін 60-тан 65-ке, әйелдер үшін 55-тен 63-ке ұлғайтуды ұсынған. Өзгерісті 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланып отыр. Биліктің бұл жоспарынан соң президент Владимир Путиннің рейтингі күрт түсіп кетті.

Видео: Ресейліктер зейнетке шығу жасын ұлғайтуға наразы

Ресейліктер зейнетке шығу жасын ұлғайтуға наразы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:21 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG