Accessibility links

Астана күні ұсталғандар полицияда үш сағаттан артық отырғандарын айтады

Астанадағы мерекелік шара өтіп жатқан EXPO қалашығында тұрған полиция қызметкері. 6 шілде 2018 жыл.
Астанадағы мерекелік шара өтіп жатқан EXPO қалашығында тұрған полиция қызметкері. 6 шілде 2018 жыл.

Астана күні мерекесі тойланған шілденің 6-сы күні Қазақстан астанасында құқық қызметкерлері көшеден ұстап әкеткен тұрғындар үш сағаттан артық полиция бөлімінде отыруға мәжбүр болғандарын айтады.

Астаналық белсенді Майгүл Садықованың Азаттыққа айтуынша, оны мейрам күні кешкісін Mega Silk Way сауда – ойын-сауық орталығына құрбысымен кездесуге барған жерінен полиция өкілдері ұстап, көлікке салып алып кеткен.

- Полиция қызметкерлері "кім екеніңізді анықтауымыз керек" деп Есіл аудандық полиция бөліміне апарды. Маған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына (ҚДТ, Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған ұйым – ред.) мүшесің бе, оның жетекшісі Мұхтар Әблязовпен байланысың бар ма, ол саған қанша ақша төлейді, қандай нұсқаулар береді, әлеуметтік желіде ҚДТ материалдарын қарайсың ба деген сұрақтар қойды. Мен ҚДТ-ға мүше емес екенімді, Әблязовпен таныстығым жоғын, ал әлеуметтік желіде қандай ақпаратпен танысу – өз құқығым екенін түсіндірдім, - деді Майгүл Садықова Азаттыққа сенбі күні.

Алматыда бірнеше адамды полиция ұстады (6 шілде 2018 жыл):

Алматыда бірнеше адамды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00

Белсендінің сөзінше, бұған дейін, мамырдың 10-ы күні Астана көшесінде оны тоқтатқан құқық қызметкері Майгүл Садықовадан үш дана көк түсті шарды тәркілеген, ал бұл жолы полицияда сөмкесінің ішін ақтарып, телефонын тексергенімен, кейін барлық затын қайтарып берген.

- Тергеуші мен прокурор мені видеоға түсірмекші болды, мен бұлары заңсыз екенін айтқан соң олар видеоға түсуден бас тартатыным және "тергеу құпиялығын жарияламау" туралы екі қағазға қол қойғызып алуға тырысты, - дейді Садықова.

Оның айтуынша, жеке заттарын полицияның тексеруі және сұрақ-жауап бір сағатқа жуық созылған. Тергеушімен әңгіме аяқталғаннан кейін де Майгүл Садықованы бірнеше сағат бойы полиция бөлімінен шығармай ұстаған.

- Полиция бөлімінде мен тәрізді көшеден ұстап апарған ондаған адамды көрдім. Олардың арасында түрлі жастағы әйелдер, ер адамдар мен жігіттер болды, бір жас қыздар жылап жүрді. Олардан да жауап алып, саусақ іздерін түсіріп алыпты, - дейді белсенді.

Майгүл Садықова кешкі сағат сегіз кезінде кірген полиция бөлімінен сағат түнгі он екіден асқанда босап шыққанын айтады.

Астана күні полиция алаңдарды бақылауға алды

Алматыдағы мерекелік концерт өтетін Астана алаңында тұрған полиция қызметкерлері. 6 шілде 2018 жыл.
1/12 Алматыдағы мерекелік концерт өтетін Астана алаңында тұрған полиция қызметкерлері. 6 шілде 2018 жыл.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Полиция қызметкерлері Астана алаңында бір адамды ұстады. Олар Азаттық тілшісіне ер адамды не үшін ұстағаны туралы түсінік бермеді. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
2/12 Полиция қызметкерлері Астана алаңында бір адамды ұстады. Олар Азаттық тілшісіне ер адамды не үшін ұстағаны туралы түсінік бермеді. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Полиция Астана алаңына келген адамның құжаттарын тексеріп тұр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кейін полиция бұл адамды көлікке салып алып кеткен. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
3/12 Полиция Астана алаңына келген адамның құжаттарын тексеріп тұр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кейін полиция бұл адамды көлікке салып алып кеткен. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Астана алаңы маңындағы қоршау жанында тұрған полиция қызметкері. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
4/12 Астана алаңы маңындағы қоршау жанында тұрған полиция қызметкері. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Астанадағы мерекелік шара өтіп жатқан EXPO қалашығында тұрған полиция қызметкері. 6 шілде 2018 жыл.
5/12 Астанадағы мерекелік шара өтіп жатқан EXPO қалашығында тұрған полиция қызметкері. 6 шілде 2018 жыл.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Астанадағы мерекелік шара өтіп жатқан EXPO қалашығында жүрген тұрғындар мен полиция қызметкерлері. 6 шілде 2018 жыл.
6/12 Астанадағы мерекелік шара өтіп жатқан EXPO қалашығында жүрген тұрғындар мен полиция қызметкерлері. 6 шілде 2018 жыл.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Қазақстан 2018 жылы шілденің 6-сында Астана қаласының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев туған күнімен "дөп келеді". Астананы биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың "перзенті" деп атайды.

Суретте: Шымкент қаласының орталық алаңындағы жазу.
7/12 Қазақстан 2018 жылы шілденің 6-сында Астана қаласының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев туған күнімен "дөп келеді". Астананы биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың "перзенті" деп атайды.

Суретте: Шымкент қаласының орталық алаңындағы жазу.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Астана мен Алматы және басқа қалаларда полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Ақтау мен Шымкентте орталық алаңдарды полиция бақылауына алған.

Суретте: Шымкент қалалық әкімдігі жанында тұрған полиция қызметкерлері.
8/12 Астана мен Алматы және басқа қалаларда полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Ақтау мен Шымкентте орталық алаңдарды полиция бақылауына алған.

Суретте: Шымкент қалалық әкімдігі жанында тұрған полиция қызметкерлері.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Шымкенттегі Әл-Фараби даңғылы бойында қызмет көлігінің жанында тұрған полиция өкілі.
9/12 Шымкенттегі Әл-Фараби даңғылы бойында қызмет көлігінің жанында тұрған полиция өкілі.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Билік өкілдері орталық алаң және әкімшілік ғимараттары маңында полиция бақылауының күшейтілуін "мереке күніне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы шаралар" деп түсіндіреді.

Суретте: Ақтау қаласының орталық алаңы маңында тұрған полиция көліктері.
10/12 Билік өкілдері орталық алаң және әкімшілік ғимараттары маңында полиция бақылауының күшейтілуін "мереке күніне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы шаралар" деп түсіндіреді.

Суретте: Ақтау қаласының орталық алаңы маңында тұрған полиция көліктері.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңы маңында тұрған полиция көліктері.
11/12 Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңы маңында тұрған полиция көліктері.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Шымкенттегі Әл-Фараби даңғылы бойында жүрген полиция қызметкерлері.
12/12 Шымкенттегі Әл-Фараби даңғылы бойында жүрген полиция қызметкерлері.
Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды.
Previous slide
Next slide

Шілденің 6-сы күні Астананың Есіл аудандық полиция бөліміне апарылғандардың тағы бірі Руслан Жами де өзін бірнеше сағат бойы жібермей ұстағанын айтты.

- Полиция мені Қылмыстық кодекстің 405-бабы (тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысу) негізінде қозғалған іс бойынша куәгерсің деп алып барды. "Ол кімге қарсы қозғалған іс, менің аты-жөнім бар ма, көріп, танысайыншы" деген сауалыма жауап ала алмадым. Сосын олар "жеке куәлігіңнің көшірмесімен жүр екенсің, біз сені кім екеніңді анықтау үшін әкелдік" деп құбылып шыға келді. Хаттамаға қол қоюдан бас тарттым, мені үш сағаттан артық ұстады, - дейді Руслан Жами.

Ол жұма күні түнгі сағат он екіге қарай шыққан Есіл аудандық полиция бөлімінде өзі тәрізді көшеден ұстап апарылған оннан аса адамды көргенін айтады.

Астана ішкі істер департаментінен жұма күні ұсталғандарға қатысты қандай да бір ақпарат алу мүмкін болмады.

Шілденің 6-ы күні кешкісін Астана мен Алматыдағы мерекелік концерттер өтетін жерлерде қауіпсіздік шаралары ерекше күшейтіліп, Алматыда кемінде бес адамды полиция өкілдері ұстап әкеткені туралы Азаттық бұған дейін хабарлаған. Ақтөбеде жергілікті белсенді Әлима Әбдірованы полиция ұстап әкетіп, бірнеше сағаттан кейін босатқан.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік күшейтіліп, кей адамдар ұсталған мереке

Бұған дейін қазір шетелде тұратын экс-банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап жүрген оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды шілденің 6-сы, Астана күні (Қазақстанда бұл ресми мереке президент Назарбаевтың туған күні тойланады) кешке көшеге шығып, биліктен елде барлық деңгейде білім беру тегін болуын, ипотекалық және тұтыну несиелеріне амнистия жариялауды талап етуге шақырған болатын.

Әблязов оның алдында да жұртты көпшілік акцияларға шығуға үндеген. Маусымның 23-і күні полиция Қазақстан соты биыл наурызда "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған тіркелмеген "Қазақстан демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы "тегін білім үшін" талабымен акциялар өтетін орындар ретінде белгілеген жерлерден бірнеше адамды ұстап әкеткен. Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында "саяси тұтқындарға бостандық" талабымен рұқсат етілмеген шерулерге шыққан ондаған адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG